Еске алу олендери олген адамга

Еске алу олендери олген адамга

Мұқағали Мақатаевты еске алу кешінің сценарийі

«Современная профориентация педагогов
и родителей, перспективы рынка труда
и особенности личности подростка»

Свидетельство и скидка на обучение каждому участнику

МЕН ӨМІРДІ ЖЫРЛАУ ҮШІН КЕЛГЕНМІН

Туған жерің?
Ұланымын Қарасаз деп аталатын ауылдың.
Туған жылың?
1931. Құрдасымын Шәмілдің.
Жынысың кім?
Еркекпін ғой, еркекпін!
Және дағы тәуірмін.
Партияда барсың ба?
Жоқпын.
Шыққан тегің?
Шаруамын.
Бар тірліктен бағалы оны санаймын.
Білімің ше?
Орташа ғой.
Алайда өзім жоғарыға балаймын.
Мекен -жайың?
Мекен- жайым жер менің.
Жерде жүрген ақын деген пендемін.
Қалам, қағаз, уақыт бер тек аздаған
Мен өмірді жырлау үшін келгенмін!

Қараңызшы! Ешқандай қанық бояу да, жарқырап «мен мұндалаған» сөз де, түсініксіз, жаттауға да ауыр, мағынасын сөздік ақтарып тауып алатын сөз оралымы да жоқ. Қазақтың таза, қарапайым, жалпыға ортақ сөздерінен әп-әдемі, ып-ықшам дүние жасай білген . «Қазақтың дәл өзіндей қарапайым». Қазаққа тән қара өлеңге табынған Мұқағали ақынның жырлары жаныңды бір ерекше сезімге жетелейді, сүйсінтеді, таңдай қақтырады.

Көзі тірісінде алақанына салып аялай алмаса да, өзі өмірден өткенмен, халық оны поэзия патшасындай биіктетеді, ардақ тұтады. Жасындай жарқ етіп өте шыққан қысқа ғана ғұмырында артына сөнбес сәуледей ұлан-ғайыр мұра қалдырып кеткен, отты жырларымен талайдың поэзия әлеміне енуіне себепкер болған аяулы ақынымыздың өнері мен өмірі өскелең ұрпақ үшін тамаша үлгі. Ақынын ардақтай білген халық қашан да бағытынан адаспақ емес.

№ 280 негізгі мектебінде 9 ақпан күні ақиық ақын, позия алыбы –Мұқағали Мақатаев шығармашалағын насихаттау, оқушылардың поэзияға деген қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты әдеби кеш өткізілді.Ақынның жырларын мәнерлеп, жатқа оқып, кереметтей әсер қалдырған оқушылар ақын мұрасының мәңгілік екенін, ғасырдан-ғасырға жалғасатынын тағы бір дәлелдеді.

Алтын қорда сақталған ақынның өз орындауындағы жырларын тыңдатумен басталған кеште Мұқағалидың түрлі тақырыпта жазылған жырлары оқылды. «Поэзия, менімен егіз бе едің?», «Автограф», «Пай-пай, өмір», «Шеше, сен бақыттысың», «Көктем де келер», «Мен –таулықпын», «Фаризаға», «Арыз жазып кетейін» тағы басқа тақырыптарда поэзиямен сырласқан ақынның жыр кестесін тізген сырлы, да сезімтал жырларын жүрекке жеткізген оқушылар туған халқының әдебиеті мен мәдениетіне бей-жай қарамайтынын көрсетті. Кеш соңында әділ қазылар алқасы әліне қарай шапқан алуан-алуан жүйріктің өнерін бағалап, жүлделі орындар тағайындады. І орынды 6-сынып оқушысы Қайратқызы Аягөз жеңіп алды. ІІ орынды 7-сынып оқушысы Елғараев Асылжан мен 6-сынып оқушысы Итемгенова Амина бөліссе, 5-сынып оқушысы Сейділдә Шәкәрім, 6-сынып оқушысы Жарас Бердібек, 7-сынып оқушысы Махмұт Гүлзира ІІІ орынға лайық деп танылды. Сондай-ақ, өзге де қатысыушылар алғыс хатпен марапатталды.

«Тау алыстаған сайын биіктей түседі» дейді халқымыз. Жылдар жылжып өткенмен Мұқағали Мақатаев тұлғасы дараланып, іріленіп келеді. Х алқының қара өлеңін құдіретке айналдырған, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген ақынның қалдырған рухани қазынасын ұлт игілігіне жарататын жастарымыз барда Мұқағали Мақатаев есімі өшпейді, мәңгі жасайды деп білеміз.

Еске алу олендери олген адамга

Имам Мәлік (оған Алла разы болсын) Алла елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын жеткізеді: «Жаратушының алдындағы ең жақсы амалдың не екінін сендерге айтайын ба? Ол амал сендерді өлтіреді немесе сендер оны өлтіресіңдер. Ол амал сендердің дәрежелеріңді өсіретін дұшпандарың — алтын мен күміс таратқаннан да артық дәрежелеріңді өсіреді». Сонда сахабалары: «Ол қандай амал?» деп сұрады. Пайғамбырымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Алланы еске алу» деп жауап берді.

Алланы еске алу – мұсылманның әрбір іс-әрекетінде болу қажет. Ол қайда не істеп жүрсе де Алланы есінен шығармауы тиіс. Бұл біздің дініміздің шегерілмес бір бөлшегі. Алла Құранда айтады: «. Мені еске алу үшін намазды толық орында». (Та һа сүресі, 14-аят).

Жиі еске алу немесе зікір дегеніміз не? Бұл сөз Құран Кәрімде 300 рет кездеседі. Алланы зікір ету барлық жаратылыста бар, яғни оның табиғат кереметтерінде, бұл табиғатты «Үнсіз Құран» деп те атап кеткен. Құран секілді табиғат бізге тылсым дүниелерімен Алланың бар екенін дәлелдеуде. Әлемнің өзі ғаламаттың не үшін пайда болып, адам бұл өмірге не үшін келгендігін үнсіз айтып тұр. Қазір ғаламтор беттерінде құлшылық етіп тұрған, яғни намаз оқып тұрғандай кейіпте өсіп тұрған ағаштардың суреттері, аспандағы бұлттардың Алла деп жазылғандай бейнеде көрініс табуы, өсімдіктертің Алла деп өсіп тұрғаны және т.б. көптеген суреттерді кездестіруге болады. Пайғамбарымыз Мұхаммедті (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «жүруші тірі Құран» деп атағанындай, жаратылысты «үнсіз Құран» деп айтады. Барлық тіршілік біз естімесек те «Мен – Жаратушының жаратылысымын, менің құдайым – Алла» деп үздіксіз қайталап тұрады. Алланы тану деп — айналаңды тануды айтса керек. Алланы танып, жиі еске алу – Құранның үндеуі. Ал, Алланы зікір етуді Алланың өзі бір емес, бірнеше рет айтады: «Әй мүміндер! Алланы өте көп зікір етіңдер.» (Ахзаб сүресі, 41-аят). Біз не істесекте Алланы есімізде ұстауымыз қажет. Ол бізді көріп тұрғанын сезінуіміз шарт. Өйткені, Алла бізге өзін ұмытуды шектеген: «Сондай, Алланы ұмытқан, Алла оларға өздерін ұмыттырған кісілер тәрізді болмаңдар. Міне солар бұзақылар. (Хашр сүресі, 19-аят). Алланы ұмыту ең үлкен күнә. Өзін жаратқанды қалайша ұмытуға болады?! Ешқашан да ешнәрсе ұмыт қалмақ емес, осыны меңгерген жанның жүрегі Алла деп қана соғуы керек. Алланы ұмытып, күнәхарлардан болып қалудан баршамызды сақтасын! Келесі бір аятта Жаратушы Иемізді еске алуда үлкен қайыр барлығы айтылған. Осы өмір мен өлгеннен кейінгі өмірде де жақсылықтың барлығы айтылады: «Сондай-ақ Алланы көбірек зікір етіңдер. Әрине құтыласыңдар.» (Жумаа сүресі, 10-аят). Алланы ұмытып, дүние байлығына еріп кеткеннің ақыры бейшаралыққа, сәтсіздікке ұрындырады: ол турасында Құранда: «Әй мүміндер! Сендерді малдарың, балаларың Алланы еске алудан тоспасын. Әлде кім бұны істесе, міне солар, зиян тартушылар.» деген.

(Мунафиқун сүресі, 9-аят). Алланы еске алушы Оның назарына ілігеді. Жаратушымыз біздің жүрек түкпіріндегі ойымызды біледі. Кімнің жүрегінде иненің ұшындай болса да иман болып, ол Алланы зікір етсе, Алла оны да еске алады. Бұл сөзімізді Құрандағы мына аяттар дәлелдейді: «Енді, Meні еске алыңдар, Мен де сендерді еске аламын және Маған шүкіршілік қылыңдар да қарсы болмаңдар.» (Бақара, 152-аят).

Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) тәспі аударғанда оң қолының саусақтарымен аударған. Өйткені, қиямет күні Алланың алдына барғанда адамның қолдарынан сұрақ алынады. Сол кезде «Аллаһу Акбар», «Субханааллаһ», «Альхамдулиллаһ» деп, Алланы еске алған қолдар адам үшін араша болады екен. Олай болса, Аллаға жақындығымызды мақтаныш үшін емес, жанымызды Жәннатта ету үшін, Алланың разылығын алу үшін істегеніміз абзал.

Құран Кәрімде зікір сөзі 300 рет айтылған болса, Алланың елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қаншалықты көп айтып кеткенін сезіп те отырған боларсыз. Бір хадисінде Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «Адамның өмірі Алланы еске алумен тұрады. Өз Жаратушысын есіне алмайтын жүрек-өлі жүрек, ондай жүректің иесі – өлі жаны жоқ адаммен тең» деген. Басқа бір хадисте: «Алланы еске алушы – тірі жан, ал, кім Алланы еске алмаса – өлік» (Аби Муса). Осыған ұқсас хадис басқа жерде былайша өрбиді: «Алланы еске алушы үй – тірі, Алланы еске алмаушы үй – өлік», яғни әрбір үйде Жаратушы Иені еске алып, зікір етіп отыру қажет. Алланың сөзі – Құран оқылған үйде береке бар. Абу Хурайрадан (оған Алла разы болсын) жеткен хадисте: «Құлдарым мені ойласа, Мен оның жанындамын, егер ол зікір етсе, Мен онымен біргемін. Ол Мені жеке өзі отырып зікір етсе, Мен оны жеке есіме аламын, ал, көпшілікпен еске алса, Мен де оны көппен бірге есіме аламын. Ол Маған жақындағысы келсе, Мен жүремін. Ол Маған қарай жүрсе, Мен оған қарай жүгіремін» деген. Ибн Аббас (оған Алла разы болсын): «Расында шайтан Адамның баласының жүрегін қарауылдайды. Ол Алланы ұмыта бастағанда, шайтан оны азғырады. Біз оған мүмкіндік берген сайын, шайтан адам жүрегін жаулап ала береді. Ал, одан құтылудың жолы – Алланы жиі еске алу». Расында, бір жаман қылықты істеген адам, оны жиі-жиі қайталап, соңында әдетке айналып кетеді. Иманнан алыстаған сайын, жүректе от сөне береді. Осы дүниенің қызығына алданып, ақыретті ұмыта бастайды екен адам баласы. Ал, өлімнің қашан келері бір Аллаға ғана аян. Құран Кәрімнің Муминун сүресінде: «Шынында иман келтіргендер құтылды. Олар, сондай мүміндер, намаздарында іштей жалбарынады. Олар, бос нәрселерден аулақ болады.» дейді. (Муминун сүресі, 1-3 аяттар). Хасан аль-Басри (оған Алла разы болсын): «Қайырды 3 нәрседен іздеңдер: намаздан, Аллаға зікір етуден және Құраннан. Егер, осылардан рахат тапсаңдар онда иманды игергендерің, ал егер олай болмаса, онда сендерге есік жабық, себебін басқадан іздеңдер» деген. Шын мәнінде, жүректегі иманымызды күшейту әркімнің өз қолында. Тек жалқаулыққа бой алдырмай, дүниенің қызығын қумаған абзал. Жалған дүниенің қуанышына рахаттанып, мәңгілік өмір туралы ұмытпайық, ағайын!.

Алланы еске алуды әдетке айналдырайық. Барша мұсылман бауырларды жақсы амалдармен Алланың назарына ілінуін тілеймін!

Жаны жайсаң жан еді.

Қадірлі жамағат! Біз бүгін әріптесіміз, қазақтың үлкен ақыны, қоғам қайраткері, біздің әріптесіміз Қазыбек Исаның қайғысына ортақтасып келіп отырмыз. «Ақ жол» партиясы Орталық Комитеті мен Парламенттегі депутаттарының қайғы бөлісер көңілін жеткізгелі келдік. «Қайғыны бөліссең-азаяды, қуанышты бөліссең – көбейеді» дейді қазақ. «Әке –асқар тау» деп тегін айтпаған. Әрине, Қазыбек бауырымыздың басына түскен қиын жағдай партиялас достары бізге де ауыр тиіп отыр. Сондықтан Астана мен Алматыдан, Шымкенттен оншақты әріптестері Жарылқасын атамызды соңғы сапарға шығарып салуға, жаназасына қатысып, топырақ салғалы келіп отырмыз. Мұндай елге қадірлі қарияны өлді деуге бола ма? Артында қазақтың белгілі ақыны Қазыбек Иса бастаған он баласы бар, ауылшаруалығына сіңірген еңбегі бар ақсақалдың елге қадірін мына жаназаға жиылған мыңдаған адамдардан да байқауға болады. Қазақтың «атамдатсаң –атамдат, ботамдатпа» дегенін ойласақ, 81-ге толған қадірлі қарияның ана дүниеге аттануын орнымен болар Алла бұйрығы деуге де болады. Әрине, әке дегенді жүзге келсе де кім қияды? Дегенмен шүкіршілік айтқан дұрыс деп ойлаймын. Жарылқасын атамыздың жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын. Пейіште нұры шалқып, артындағы ұрпақтарына өмір берсін.

Азат ПЕРУАШЕВ,

«Ақ жол» партиясы төрағасы, Мәжіліс депутаты.

Нұры пейіште шалқығай

Құрметті Қазыбек ЖарылҚасынұлы!

Барша астаналықтардың және Өзімнің атымнан ардақты әкеңіз, Оңтүстік өңірдің белгілі де білгір азаматы Жарыл­қасын ағамыздың өмірден озуына байланысты қайғыла­ры­ңызға ор­тақтасып, көңіл айтамын. Еңбек ардагері, ауыл шаруашылығының майталман ма­ма­ны, Жарылқасын Иса ағамыз мәнді де мағыналы өмір сүрді. Ұл-қыз тәрбиелеп өсіріп, балаларының бақытына, не­мереле­рі­нің қызығына кенелді. Өзің секілді танымал ақын, белгілі жур­на­лист, қоғам қайраткеріне айналған ұлы­ның өмірдегі жеткен жетістігі мен табыстарын көріп, мар­қайды. Марқұмның жатқан жері жарық, топырағы торқа болып, нұры пейіште шалқығай.

Иманғали Тасмағамбетов,

Астана қаласының әкімі

Көкірегі көмбе, қазына қария еді.

Қазақтың дарынды ақыны Қазыбек Исаның әкесі, ардақты Жарылқасын ағамыз өмірден өтті. Мен де бір інісі боламын ол кісінің. Сондықтан ауруханада жатқандықтан елдегі жаназаға бара алмай қалсам да, осы Алматыдағы жетісіне келіп, Құранның ішінде болып, көңілімді білдіргелі отырмын. Мен осы қаралы хабарды естігенде: «Өмірге бір адам келді де, кетті. Артында не қалды?» деп ойладым. Иә, не қалды? Ойлап қарасам, Жарылқасын ағамыздың артында қалған өнегесі мол екен. Сонау Қызылдың құмында тыңға түрен салып, күріш екті. Қызылқұм ауылының қазығын қағысты. Сол кезде жалғыз өзі жұмыс істеп жүріп, он баласын түгелдей оқытып, ұлдарын ұяға, қыздарын қияға қондыра білуінің өзі-ақ керемет ерлік емес пе? Жаны жайсаң, жақсы адам еді ағамыз. Ауылға кейде барып қалғанда, немесе жиындарда кездесіп қалғанда, құшағын жайып, ыстық ықыласын білдіріп жататын. Көкірегі көмбе, қазына қария еді. Бәрін қойғанда, үйдегі ұлдарының тұңғышы Қазыбек Исаны «Сенің болашағың Алматыда. Сен үйге емес, елге керексің. Алдыңнан жарылқасын, астанаға бара бер. Қалған балалар өз күнін көрер,қайратым жетеді әлі»-деп, ақын ұлын Алматыға аттандырып жіберуі де, жеке бас қамы мен ауыл-аймақтың тірлігінен Қазақтың мүддесін жоғары қойғаны деп білемін. Әйтпесе, ойлаңыздаршы, 120 соммен он баланы асырап, жеткізу оңай ма? Тұңғыш ұлы институт бітіріп, ауылға келіп, бір жағына шығады ма деп жүргенде, ол суретшінің оқуына барып, ақын болып оралса, оны ағамыз Жарылқасынның өзі ұлы Абай бастаған ұлы көшке ілескін деп, ақ батасын беріп, ақындардың астанасы Алматыға шығарып салуының өзі бір өнеге емес пе? «Әке –балаға сыншы» дегеннің үздік үлгісі осы шығар, бәлкім. Ал, Қазыбек бауырым, өзіңе бекем бол. Ақсақал болудың алды осы. Артыңдағы іні-қарындастарыңа енді өзің әке орнына әке боласың. Еркелейтін әкең жоқ, маған еркелемесең. Жарылқасын ағамыздың ұлының, кешегі Қазыбек Исаның ел тойлаған елуіне қарасқаны, күтіп жатқанына да, ұлының қуаныш-жақсылығын көріп, сезіп кеткеніне де Аллаға шүкіршілік айту керек. Ағамыздың жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын! Алды пейіш, арты кеніш болсын деп тілейміз.

Ислам ӘБІШЕВ,

ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі

Су ресурстары комитеті төрағасы

Шүкіршілігі мен сүйініші мол болған шығар.

Қадірлі Қазыбек!

«Қазақ әдебиетінен» бір жайсыз хабар оқып, көңілім нілдей бұзылды. Жәкең қайтпас сапарға аттанған екен. жаны жәннәта болуын тілеп бет сипадым. Жасым сексенді маңайлап, шөбере сүйген шал болып отырсам да, бұдан қырық бір жыл бұрын көз жұмған Әкемді аңсауым басылар емес. Әке шіркін, мейлі ол малшы, диқан болсын, мейлі академик, классик болсын, бізге өмір сыйлаған Адам ғой! Менің Әкемді сағынуым мен өкінішім – егіз сезім. Қиналған кездерімде сабыр сақтай жөн айтып, сүйеуші, қорғаушы Періштем болатын еді. Ал мен көп қызық көрсете алмадым. Мен ел қатарына қосыла бергенде Ол бақилық болды. Жә­кеңнің жолы бөлек қой, сенің Азамат, Ақын болып, елге та­нылғаныңды көрді! Шүкіршілігі мен сүйініші мол болған шығар. Енді өзіңнің сондай сезімге бөлене 100 жасауыңды Алла нәсіп етсін, құрметті Інім!

Ғаббас Қабышұлы

Жәкеңнің жатқан жері жарық, топырағы торқа болсын!

Қадірлі Қазыбек!

Сіздің әкеңіз Жарылқасын Исаұлының о дүниелік болғанын есітіп, жанымыз жабырқады. Әкеңіз жайлы сырттай болса да аз-кем білетін едім. Оны ауылшаруашылығы саласының білгір маманы ретінде танитынмын. Отандық бірнеше наградалармен марапатталған әкеңіз ауыл-аймақтың қадірменді ақсақалы еді. Сондықтан Жәкең қайтпас сапарға аттаныпты деген жайсыз хабар бәріміздің де арқамызға батты. Сонау Астанадан «Ақ Жол» ҚДП төрағасы, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев бастаған топ ұшып келді. Қаралы жиынға жиналған қауымның қарасы қалың екен. Әкеңді жоқтап тұрған сені көріп біздің де көзіміз кіреукеленді. Бәріміз жабылып саған көңіл айттық. Жәкеңді Ұзын ата жатқан қасиетті қорымға қалдырдық. Оған топырақ салу бәрімізге де бұйырды. Осындай жақсы әкенің ұлы болған сенің арманың жоқ. Әкең ұзақ жасапты. Алайда, кім әкесін өлімге қияр дейсің? Сен сияқты елге танылған ақын, журналист, қоғам қайраткерін тәрбиелеген әкең өзіңе риза болып кеткен шығар-ау. Біз сенің әкесіз қалғаның үшін қайғырдық. Жәкеңнің жатқан жері жарық, топырағы торқа болсын! Иманы өзіне серік болсын дейміз.

Анарбек ОРМАН,

«Ақ Жол» ҚДП төрағасының орынбасары-

Оңтүстік Қазақстан облысы

филиалының төрағасы.

Әке деген асқар тау Қазыбек Исаға көңіл айту Ағайынбыз жамандыққа қимаған, Кей кездерде бір арнаға құймаған. Сен екеуміз өлең жаздық қиялмен Шардараның арнасына сыймаған. Әке деген асқар тау ғой айбынды, Көтеретін адамзатқа сай мұңды. Ниетімнің оңалғаны деп білем, Осы сөздер жеңілдетсе қайғыңды. Пенделердің бұл тағдырға назы көп, Сен келгенсің өлең-жырдың жазы боп. Бәрімізде жетімсіреп жүрміз-ау, Сен де енді бекемдеу бол, Қазыбек. Әбілда Аймақ.

Көңіл айтқан жеделхаттар

Иса әулетіне асыл әкелеріңіз, Жарылқасын ағамыздың қайтыс болуына байланысты қайғыларыңызға ортақтасып, көңіл білдіреміз. Марқұмның жатқан жері жайлы,топырағы торқа, иманы серік болсын.

Әлихан Бәйменов,

ҚР Мемлекеттік қызмет істері

жөніндегі агенттіктің төрағасы,

Астана

Қадірлі ағайын,

Құрметті Қазыбек Жарылқасынұлы!

Ардақты да асқар таудай ағамыз Жарылқасын Исаұлы­ның мезгілсіз қайтыс болуына байланысты, әулеттеріңіздің орны толмас ауыр қайғысын бөлісіп, көңіл айтамыз. Аға­мыз­дың жатқан жері жайлы, топырағы торқа, жаны жәннатта болғай деп Алладан тілейміз!

Қазаның арты қайырлы болғай!

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрлігі

Су ресурстары комитетінің

төрағасы Ислам Әбішев,

Марғұлан Марайым,

Сенбек Шынтаев.

Астана қаласы

Құрметті Қазыбек Жарылқасынұлы!

Сізге Арыс қалалық әкімдігі мен өз атымнан әкеңіз Жа­рыл­қасын Исаұлы­ның қайтыс болуына байланысты қайғы­ңыз­ға ортақтасып, көңіл айтамын. «Әке – асқар тау» деген. Әкеңіздің өмірден өтіп, бақилық болуы әрине, ең ал­ды­мен өзіңізге ауыр соғып отырғаны белгілі. Алла алдынан жарылқасын, иманы өзіне серік, жаны жәннатта болсын! Өзіңізге, отбасыңызға және ағайын-туыстарыңызға Алла өмір берсін. Қайғыңызға ортақпыз. Құрметпен,

Арыс қаласының әкімі

С.ЕРТАЙ

Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы Астана қалалық филиалы республикалық «Жас қазақ үні» газетінің бас директоры, редакторлар кеңесінің төрағасы, «Ақ жол» Демократиялық партиясы төрағасының орынбасары Қазыбек Исаға әкесі

Жарылқасын Исаұлы­ның

қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы Атырау облыстық филиалы республикалық «Жас қазақ үні» газетінің бас директоры, редакторлар кеңесінің төрағасы, «Ақ жол» Демократиялық партиясы төрағасының орынбасары Қазыбек Исаға әкесі

Жарылқасын Исаұлы­ның

қайтыс болуына байланысты орны толмас қайғысына ортақтаса отырып, отбасына, тума-туыстарына көңіл айтады. «Ақ жол» ҚДП Қызылорда облыстық филиалы және облыстық Кеңес мүшелері республикалық «Жас қазақ үні» газетінің бас директоры, редакторлар кеңесінің төрағасы, «Ақ жол» Демократиялық партиясы төрағасының орынбасары Қазыбек Исаға әкесі

Жарылқасын Исаұлы­ның

дүниеден озуына байланысты қайғысына ортақтасып өз көңілдерін білдіреді. Аллаһ Тағала әкеңізді алдынан жарылқап, жанын жәннатта етсін. Қадірлі Қазыбек аға! Асқар таудай әкеңіздің дүниеден өткеніне қайғырып көңіл айтамын. Алды жарық, иманы саламат болсын. Нұржан Қуантайұлы. 26.11.2012.

ӘКЕМЕ

Мен ауырдым – Неге ауырды жүрегім? Оны, әрине, өзім ғана білемін. Күре жолға қарап тұрып күн бойы, Күрең тартты реңім. Қамалмай-ақ қапырық тас қалаға, Бәрін тастап, кетсем деймін далаға. Онда жатыр кеше кеткен Жан көкем, Онда жатыр жаны аяулы Жан ана. Әке, сен де кетіп қалдың ақыры, Қара жердің толды ма екен ақымы. Тастап кеттің, Елмен болсын дегендей, Елдің мұңын жырлайтын ел ақыны. Жүрегімді бұлқындырып бір ағын, Оңашада балаларға көрсетпей, Бала болып емін-еркін жыладым. Қорқып жүрген ең бір суық сөзді естіп. Керең болмай қалды менің құлағым. Қарсы алды ма, анамды айтып қоймап ең, Дүниенің жалғандығын тағы да алдым ойға мен. Қиналып ең, жай тапты ма, жаның да, Жәннат есік ашса деймін,- Жалғандықсыз жайлы әлем. Ұзын Ата зиратымыз ең көне, Алып қалды, Енді жоқсыз. Еркелермін елге де. Бар асылды жатыр екен жасырып, Қасиетті десем Қара жер неге? Арызымды енді кімге айтамын. Бөлісуде қайғымды елім – байтағым. Әкесі бар жанның бәрі бала екен, Есеюді енді ғана байқадым. Тұңғыш ұл ем. тұманды ойлар не түрлі, Жаулап алды тапқандай шын жетімді. Сағындырған сайын дала, сары шал. Бәрі мені тастап кеткен секілді. Енді әкесіз өтер қалған күндерім, Жайымды ойлар жан әкемдей кім менің. Жапандағы жалғыз үйге кететін, Кез келді ме, білмедім. Қайран әкем, далаңдай сен кең едің. Қалай табам жүрегімнің мен емін. Әкем кетті. Әкем салған жолменен Ұрпағыңды өрге сүйреп келемін. Он баланы жалғыз өзі жеткізген, Әке, неткен Ер едің. Кенен ойлы кемелім! Жаратқаннан жалбарынып жәрдемді, Жинадым мен Құранменен әл-демді. Атам қойған атыңызға лайық, Алдыңыздан Жарылқасын Алла енді. Қайда барып, кімге айтамын мұңымды. Ұрысасыз естісеңіз мұнымды. Жасыра алмай жатқаным ғой шынымды. Жәннатқа арнап жіберемін дұғамды,- Құдыретті Алла, қабыл алғай жырымды! Қазыбек ИСА 24.11.2012.

Читайте также  Фреза под 45 градусов для ручного фрезера
Рейтинг
( Пока оценок нет )
Понравилась статья? Поделиться с друзьями:
Добавить комментарий

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!:

Adblock
detector
Для любых предложений по сайту: [email protected]